12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тамыз айына арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” 2022 жылдың тамызына арналған Қазақстан аумағы бойынша консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Жаздың соңғы айы елдің солтүстік өңірлеріндегі салыстырмалы салқын және Қазақстанның басым бөлігіндегі тұрақсыз ауа райынан басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Сәйкесінше елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Осылайша ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді.

“Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін. Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі”, – делінген “Қазгидромет” хабарламасында.

Дегенмен суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°Сқа жетеді, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжануда.

Жаздың соңғы айы күздің алғышарттарымен аяқталады. Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.

В Астане прошло праздничное спортивное событие среди детей с РАС

в Астане прошло яркое и по-настоящему праздничное спортивное событие...

Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынады

Атырау және Маңғыстау облыстарында жер астынан тәулігіне 170 мың...

Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі

Тіл – ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ел мен ұлтта...

Тіл мәртебесі

Тіл - тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі...

Реальная защита бизнеса 

МИНУВШИЙ ГОД СТАЛ ОДНИМ ИЗ НАИБОЛЕЕ РЕЗУЛЬТАТИВНЫХ ДЛЯ ПАЛАТЫ...