Талғат ЕРҒАЛИЕВ, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы: ҚҰРЫЛЫС НАРЫҒЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІС КӨП

Кез келген мемлекеттің экономикалық дамуында құрылыс саласының орны ерекше. Экономиканың локомативі деп саналатын құрылыс нарығындағы өзгерістің халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына әсері өте мол. Сондықтан мемлекеттің қысқа және орта мерзімдік даму стратегиялары жасалған кезде, оған айрықша мән беріледі. Сол себепті ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат ЕРҒАЛИЕВТЕН еліміздің құрылыс нарығындағы қазіргі ахуалды баяндап беруді сұраған едік.

– Құрылыс материалдарын өндіруде қандай өзгеріс бар?

– Қазір еліміздегі құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысты мемлекеттік саясатты жүргізу өкілдігі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзырында. Мәселен, министрліктің ақпараты бойынша, біз қазір құрылыс материалдарының 54 пайызын өзіміз шығарамыз. Қалған 46 пайызын сырттан әкелеміз. Меніңше, бұл ақпарат дұрыс емес. Өйткені жылытқыштар мен кірпішті өзіміз шығарсақ та, ол ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге әлі қауқарсыз. Сондықтан біз оларды Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерден әкелеміз. Сол сияқты арматураны да өзіміз шығарамыз, бірақ ол да бізге жеткіліксіз. Жетпегенін Қытайдан, Ресейден аламыз. Бұдан бөлек кейбір құрылыс заттарының сапасы әлі де әлемдік деңгейге сәйкес келмейді. Сол себепті құрылысшылар сапалы материаларды сырттан әкелуге мәжбүр.

– Құрылыс саласындағы нормативтер мен стандарттар заман талабына сай жаңартылған ба?

– Біз әлі кеңестік нормативтерді қолданып жатырмыз. Еуропадан бізге әртүрлі тәртіп пен нормалар келіп жатыр. Алайда оларды түсіну үшін уақыт қажет. Құрылысшыларды, жобалаушыларды үйрету керек. Мысалы, еурокод деген бар. Дұрыс түсініп, қабылдаса, онда қазіргі құрылыс нормалары мен ережелерінен (ҚНжЕ) гөрі, арматураны қолдану аздау. Ал құрылыс нормалары мен ережелері – атқарушы билік органдары қабылдаған, қала құрылысы қызметін жүзеге асыруды, сондай-ақ инженерлік ізденістерді, сәулет-құрылыс жобаларын және құрылысты жүзеге асыруды реттейтін техникалық, экономикалық, құқықтық сипаттағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Кеңестік нормативтерге қарағанда, одан, әсіресе, сейсмикалық қаупі жоғары Алматы сияқты жерлерде құрылыстағы бетон шығыны да аздау болады. Әрине, ол үшін қосымша оқу керек. Еурокодтарды жоғары оқу орындарында құрылыс саласына байланысты мамандар дайындаған кезде де үйрету қажет. Әзірше көбі еурокодтарды толық түсінбейді. – Сонда мамандар жаңа талаптарды меңгере алмай отыр ма? – Мамандар сапасы төмендеген жоқ. Қайта кеңестік дәуірге қарағанда мамандардың біліктілігі жақсарып жатыр. Өйткені құрылыс нысанында қолданылатын материалдар әртүрлі. Қазір бізді, кеңес дәуірімен салыстырғанда, құрылыс та көп, материалдарда көп қолданылып жатыр. Кеңес кезінде үйлер тек кірпіштен және панельден ғана салынатын. Бетон үйлер ол кезде болған жоқ. Қазіргі үйлердің сапасы жақсы. Тұтынушылардың жылдан-жылға қоятын талабы да өсіп келе жатыр. Кейбір үйлердің сапасы шетелдегі қонақ үйлермен бірдей. Әрине, кемшіліктер де бар. Мамандарды әлі де үйрету керек. Жоғары оқу орнында олар мұндай білім ала алмайды. Ондағы білім өте төмен. Нарыққа келген соң түгел қайта үйренеді. Мысалы, Жапонияда жобалаушылар нарықта 5 жыл істеген соң ғана емтихан тапсырып, жобалаушы болып жұмыс істей алады. Сондай тәртіпке көшсек, біздегі құрылыс жобалаушыларының да сапасы көтерілер еді. Дегенмен, кемшіліктермен күресу керек. Бірақ құрылыс сапасы дамыған Қытай, АҚШ, Германия сияқты елдерден кем емеспіз.

– Қазір қарасаңыз, барлық жерде көп қабатты зәулім ғимараттар салынып жатыр. Сейсмикалық қауіп жоғары жерлерде аз қабатты үй салуды кім қадағалайды?

– Бұл – жергілікті атқарушы органның жауапкершілігінде. Олардың өз жұмысын қалай атқарып жатқанын қарау керек. Жалпы, сейсмикалық қауіпті аймақтарда өте биік үй салуға болмайды. Көп қабатты ғимараттар салуды дұрыс емес деп ойлаймын. Әрине, қазір салынып жатқан үйлер 9 баллға дейін шыдайды. Сейсмикалық қаупі жоғары аймақтарда басқа өңірлерге қарағанда арматураның да, бетонның да сапасы 20 пайызға жоғары болуы керек. Сарапшылар да айтып жатыр ғой, көп қабатты үйлер жер сілкінісініне шыдайды деп.

– Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кім қандай сабақ алды?

– Түріктер құрылыста жіберген өз қателіктерін тапты. Онда тапсырыс беруші мен мердігер келісіп алып, құрылыс бағасын төмендету үшін оның сапасын біршама төмендетті. Олар қазір жобаны қайта түзетіп жатыр. Бізде ондай жоқ. Өйткені мемлекеттік сараптама жасалады. Құрылыс сапасын тексеретін басқа да сарапшылар бар. Түркияда мемлекеттік сараптама деген де, жеке сараптама деген де жоқ. Жобалаушы нысаның жобасын сызып, өз қолын қойып, оны жүзеге асыру үшін құрылыс компанияларына жібере береді. Бізде сараптамадан өтпей, ешбір үй салынбайды. Оның беріктігін 1,5 есеге дейін артық қояды мұнда.

– Құрылыс заңнамасы қаншалықты жетілдіруді қажет етеді?

– Қазір қолданыстағы заңнаманың бәрі ескірген. Тіпті жаңадан жасалып жатқан Құрылыс кодексінің жобасына да менің көңілім толмайды. Оны қолдайтын министрлік мамандары нарықты білмейді. Парламент қарап жатқанымен, ол толыққанды болатынына күмәнім бар. Ғылыми-зерттеу институттарына да оны түсіну үшін нарықта істеуі керек. Олар өмір бойы нарықта жұмыс істеп көрмеген. Біз ұсынып жатқандарды түсініп, қолдауы үшін нарықтың қандай кедергілері, мүмкіншіліктері барын түсінуі тиіс. – Құрылыс саласына қажетті мамандар неге тапшы болып отыр? – Құрылыс саласында бүгінгі таңда бір млн-дай адам жұмыс жасайды. Маман жетіспейтін себебі – жастар жоғары білім алғанымен, көбі жай ағаш ұстасы, сантехник, арматурщик, тас қалаушы болып жұмыс істегісі келмейді. Қара жұмыс істеуден қашады. Біз оны өзгерте алмаймыз, 1,5 млрд халқы бар Қытайда да, 140 млн халқы бар Жапонияда да жастар құрылысшы болып жұмыс істегісі келмейді. Бүкіл әлем қара жұмыс істейтін адамдарды сырттан әкелуде. Батыс Еуропа, Скандинавия елдері де солай істеп жатыр.

– Еліміздегі тұрғын-үй құрылысының қазіргі жайкүйі туралы не айтасыз?

– ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде 2,5 млн адам баспанаға мұқтаж. Біздің есептеуімізше, 4 миллионға жуық азамат баспаналы болуды армандайды. Өйткені, жалақыдан жалақыға дейін күн көретін адамдардың қаржы жинақтайтын мүмкіншілігі жоқ. Оларға 5-6 пайыздық ипотека керек. Солай ғана олар өзін-өзі баспанамен қамтамасыз ете алады. Жалпы, құрылыс нарығы даму үшін, ең алдымен, заңнаманы өзгерту керек. Одан кейін жекеменшікке қол сұғылмауы тиіс және сот билігі толықтай тәуелсіз және әділ болуы керек.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қайрат Закирьянов:Қазақстанның басты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...