Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелердің атауы өзгермек

Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелер жаңа атауға ие болады. Мұндай шешім мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша Талдықорғаннің бұрын сандармен белгіленген шағынаудандары жаңа атауға ие болады.

Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ №9 шағынауданға «Құлагер» атауы беріледі.
Талдықорғанның оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ №10 шағынауданға «Әл-Фараби» атауы берілмек.

Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ даңғылға Жолбарыс би даңғылы атауы берілмек. Сондай-ақ, Ворошилов көшесі «Нұрғиса Тілендиев» көшесі болып, Невский көшесі «Абдулхак Абдулхалықов» көшесі болып өзгермек.

Сонымен қатар, «Шайқорған» тұрғын алабындағы көшелерге жаңа атау беріледі:

— №17 көше – «Ақберген» көшесі;
— №18 көше – «Қарасу» көшесі;
— №19 көше – Атамұра көшесі;
— №20 көше – Арман көшесі;
— №22 көше – «Ақтор» көшесі;
— №23 көше – «Дидар» көшесі;
— №24 көше – «Бұлбұл» көшесі.

«Балауса» тұрғын алабында:

— № 1 көше – «Жартас» көшесі;
— № 2 көше – «Жайық» көшесі;
— № 3 көше – «Созақ» көшесі;
— № 6 көше – Арал көшесі;
— № 7 көше – «Сауран» көшесі;
— № 14 көше – «Несібелі» көшесі;
— № 15 көше – «Жанкент» көшесі.

Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы бір ауылдың атауы өзгертілсе, Жыланды ауылдық округіндегі Әшім ауылы Төңкеріс атауын алады. Панфилов ауданындағы Талдын ауылдық округіне қарасты Лесновка ауылы енді Талды деп аталмақ.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.