Талдықорғанда Назарбаевтың мүсінін құлатқан Азамат Батырбаевқа қатысты шешім шықты

Жетісу облысында Назарбаевтың мүсінін құлатты деп айыпталған 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды. 

«Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады», – деді қалалық сот өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталып, азапталған Азамат Батырбаев өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге қол қойғаны туралы хабарлаған едік.

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...

Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық ұжыммен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық ұжыммен жаңа Конституция жобасын талқылауға...

ҚАЖ мекемесінде ЖИТС орталығының өкілімен профилактикалық кездесу өтті

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандардың ЖИТС орталығының...