Талдықорғанда ҚАЖ қызметкерлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №71 мекемесінің кадр саясаты тобының қызметкерлері Жетісу Университетінің ұйымдастыруымен өткен “Жас Маман-2023” атты бос жұмыс орындары жәрменкесіне қатысты.

Іс-шара Білім алушыларды жұмысқа орналастыру және олардың еңбек нарығындағы қажеттілігі мақсатында өткізілді.

Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, банк мекемелері, кәсіпорындар, орта және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты. Барлығы университеттің 6 жоғары мектебінде оқуды аяқтаған 988 білім алушы қамтылды.

Кездесуде болашақ жас мамандар түрлі сала өкілдерінен маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, болашақ мамандар өздерінің түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасудың ерекшеліктері мен негізгі принциптері туралы мәліметтер алды.

Бұл іс-шара түлектер үшін қолайлы жұмыс орындарын іздеуге ықпал етеді және Университеттің ынтымақтастығын нығайтады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот дауларын шешудің тиімді бағыттары

      Сот жүйесіндегі ең күрделі әрі нәзік мәселелердің бірі...

Наурыз – табиғат пен адамның үндестігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні –...

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...