ТАЛАП ПЕН НИЕТ БОЛСА, ТІЛДІ МЕҢГЕРУ ОҢАЙ

Ұлты бөлек болса да қазақ тілін өз тіліндей меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатары күн өткен сайын өсіп келеді. Мемлекеттік тілді терең меңгеріп қана қоймай оны оқу орны қабырғасында мыңдаған адамға үйретіп жүргендері де баршылық. Солардың бірі Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінің биология және қазақ тілі пәндерінің оқытушысы Алена Малькова-Солопова көпке үлгі болар білікті жанның бірі. 

Уыздай жас болғанына қарамастан Алена өңірге аса танымал азаматтың бірі. Спорт саласында оны спорт шебері, пауерлифтингтен елдің 13 мәрте және Азияның 3 мәрте чемпионы ретінде таниды. Ал облыс орталығының тұрғындары «AMANAT» партиясы жанындағы «Сөйле» сөйлесу клубының оқытушысы ретінде біледі. Мұнымен қоса Алена жақын аралықта Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмоладағы филиалының мүшесіне айналған. Бірнеше жылдан бері ассамблея жанында Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау жөнінде орталық белсендісі ретінде қызмет етеді. Бір сөзбен айтқанда спортшы, педагог әрі сұлу қыз Аленаның бір басында жұртқа үлгі ететін көптеген қасиеттері бар. Ол жерлестерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып тіпті үйретіп те келеді. Әрбір ісіне мұқият жан-тәнімен беріліп кірісетіндіктен, оң нәтижеге де тезірек қол жеткізеді. Биыл Алена Малькова-Солопова Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында қазақ тілін дамыту және халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтудағы қызметі үшін мемлекеттік награда – «Шапағат» медаліне де ие болған. Алена қазақ тілін үйренуді сонау оқушы кезінен бастапты. Зеренді ауданы Троицк ауылының орыс мектебінің белсендісі әрі үздік оқушысы қазақ тілінен нашар баға алуды өзіне ар санайды. Бар күш-жігерімен сабақтан кейін өз еркімен қалып, мұғалімімен бірге қосымша қазақ тілін оқып дайындалуға бел буады. Нәтижесінде, 6 сыныпта мемлекеттік тіл бойынша өзінің алғашқы аудандық байқауына қатысуға барады. Бұл жолы бірінші орын берілмеді. Бірақ сол кезден бастап мақсаты өр оқушы барлық байқаулар, олимпиадалар мен Абай оқуларынан тек жүлделі орындармен қайтатын болады. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бірінші курсында оқып жүріп те Алена қалалық және облыстық кезеңдерде қарсыластарын қапы қалдырып, тіпті республикалық «Тіл-парасат» байқауынан да жүлделі үшінші орнына қол жеткізеді. Алена түрлі байқаулар кезіндегі атмосфера оның қиялына қанат бітіріп, мемлекеттік тілді үйренуге әрі жетілдіре түсуге жігерлендіре түскенін айтады. Біртіндеп тілдік білімі артып толыға түскендіктен, Алена оны жоғалтқысы келмей күн өткен сайын жетілдіре беруді мақсат етіпті. Сондықтан нақты ғылымдар факультетін аяқтай сала бірден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі атану үшін филология факультетіне құжаттарын тапсырып жібереді. Жоғарыдағы құрылыс-технологиялық колледжінде Алена Юрьевна қазақ топтарына биологиядан және қазақ тілінен сабақ береді. Айтуынша жастармен жұмыс істеу оған өте ұнайды. Енді бұрынғы өзі үйренген дағдысымен жастарды да студенттік тілдік байқаулар мен олимпиадаларға әзірлеуге бар күш-жігерін салады. Балалармен бірге әрбір жеңісті сәттер үшін қуанады. Осыдан екі жылдай бұрын Алена Малькова-Солопова «Аmanat» партиясы жанындағы «Сөйле» сөйлесу клубында да сабақтар жүргізе бастапты. Осы уақытқа дейін оның курсынан жүзге жуық адам оқып шыққан. Тіпті, дәл қазірдің өзінде отыздан астам көкшетаулық Аленаның курстарына қатыса бастаған. Алена Юрьевнаның айтуынша клубтағы тегін сабақтар мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеуді нығайтуға бағытталған. Яғни, мұнда ережелер, жалғаулар мен септіктерді жаттап қиналудың қажеті жоқ. Бәрі де іс жүзінде тәжірибе кезінде біртіндеп жаттала береді. Мәселен сабақтардың бірінде дүкенге бару тақырыбы талданады. Сөздер мен сөйлемдерді үйлерінде қайталап келген қатысушылар енді оны тәжірибе тұрғысында пайдалануы тиіс. Сабаққа қатысушылар тобымен бірге жақын маңдағы дүкенге барып тіл үйренген дағдыларын іс жүзінде байқап көреді. Мұнымен қоса тіл үйренушілер емхана, кинотеатр, музей, филармония және басқа да қоғамдық орындарға барып, мемлекеттік тілде үйренген білімін іс жүзінде сынап көреді. Алена тыңдаушыларын кей кездері көшеде де сынап, жүргіншілермен түрлі тұрмыстық сөздермен сұрақ қойып, жауап алғызады. Ал көшеде өзіне жүгінген өзге ұлт өкілінің қазақша сұрақ қойып сөйлеуге талпынғанына қуанған қазақтар барынша көмегін беріп сұрақтарына жауап береді. Аленаның өзі ойлап тапқан сабақтың мұндай әдісі тыңдаушылардың да тілегіне қарай құрыла береді. – Әрине, «Сөйле» клубына алғаш келген әрбір қатысушыға қазақ тіліне орыс оқытушы қыздың сабақ үйретіп жүргені қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Мен тәлімгер ретінде олардың ойларын бірден ұғып «Менде бәрі жүзеге асқанда, сізде де бәрі ойдағыдай болуы тиіс» деген түсінік беремін. Жаңадан бастаған тыңдаушыларды барынша жігерлендіріп, өзімнің қалай бастағанымды, қандай қиындықтар болғанын, бірақ мойымастан өз туған ауылымда қазақы орта болмаса да берілмегенімді айтамын. Мұғалімдерім әрдайым көмекке келіп жерлестерім қолдап, ата-анам әрбір жетістіктеріме қуанып бар ақыл-кеңестерін беретін», – дейді Алена Малькова-Солопова. Бүгінде спорттық жетістіктері өте биік межелерге жеткен Алена бала кезінде спорттан мүлде қашық болыпты. Тіпті, денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабақтарынан босатылған. Тоғызыншы сыныпта кешкі уақыттарда жүгіре бастайды. Әкесінен штанга дәнекерлеп беруін өтінеді. Университеттің жаттығу залында жүрген қызды жаттықтырушылардың бірі байқап қалып, оны пауерлифтинг секциясына қатысуға шақырады. Бірінші бетте аса ауыр темірді көтеруге жүрексінген қыз бас тартады. Алайда өз күшін іс жүзінде сынап көруге деген ниет пен қызығушылық жаттығу залынан бір-ақ шығарады. Алена Қазақстан Республикасының алғашқы қатысқан чемпионатында-ақ спорт шеберлігіне үміткер нормативтерін сәтті орындап, жеңіс тұғырына көтеріледі. Өйткені Алена МальковаСолопованың бастаған ісін аяғына жеткізбей қоймайтын төзімділігі мен бірбеткейлік қасиеті бір төбе. – Бастысы мақсат пен ниет болса кез келген тілді үйреніп алуға болады. Әрине, оңай емес. Бірақ жұмсалған күш пен уақыт нәтижеге қол жеткізгенде құр босқа кетпегенін түсінесің. Мен өзің туып-өсіп, тіршілік етіп жұмыс істейтін еліңнің тілін еркін меңгеру бұл бізге пайдалануға берілген аса үлкен мүмкіндік деп сенімді түрде айта аламын, – дейді Алена.

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...