12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Талап қою арызын қараусыз қалдыру заңмен айқындалған

Азаматтық процестік кодекстің 25-тарауында талап қою арызын қараусыз қалдырудың негіздері нақтыланған. Ел тұрғындарының құқықтық сауатын еселеу мақсатында осы заңдылыққа тоқтала кеткен артық болмас. Олай дейтініміз, азаматтық істерді қараусыз қалдыруда сотқа жүгінушілер арасында түсініспеушіліктер туындап жатады. Осы жағынан алғанда қандай жағдайлар талап арызды қараусыз қалдыруға негіз болады десек, оның жоғарыда аталған Кодекспен белгіленген бірнеше тәртібі, нақты айтсақ, 13 талабы бар. Бұл нормаларды басшылыққа алмай, талап арыздарды қараусыз қалдыруға болмайды.

Енді нормаларға келсек, АПК-нің 279-бабына сай, талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса, сондай-ақ, талап қою арызын әрекетке қабілетсіз адам берсе, талап қоюшы мәлімделген талапты қолдамаса, талап арызға қол қоюға, оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе берсе арыз қараусыз қалдырылады. Осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің іс жүргізуіндегі екі тарап арасындағы дау, бір нысана және сол бір негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болуы, заңда өзгеше көзделмесе, дауды төреліктің немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру туралы келісім жасалуы да талап қою арыздарын қараусыз қалдыруға негіз болады. Аталған баптың 1), 2) және 5) тармақшалары бойынша талап қою арызы қараусыз қалдырылған кезде сот ұйғарымымен мемлекеттік бажды қайтару және талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы көрсетіледі.

Бұған қоса істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшының екінші шақыртуда сотқа келмеуі, өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлғаның мәлімделген талапты қолдамауы, талап қоюшының арызын қайтарып алу туралы арыз беруі, күші жойылған бағалы және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыздың жарияланған күнінен үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілуі, жылжымайтын затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыздың заңда белгіленген мерзімнен бұрын немесе жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілуі де арызды қараусыз қалдырады. Мемлекеттік баждың 105-баптың үшінші және 106-баптың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен төленбеуі, ерекше іс жүргізудегі істердің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтердің ұсынылмауы, істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екенінің анықталуы да арыздың қараусыз қалдырылуының негізгі себептерінің бірі.

Талап қою арызын қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары АПК-нің 280-бабымен айқындалған. Мәселен, талап қою арызы қараусыз қалдырылуға жатса, сот ұйғарым шығарып, онда істі қарауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою керектігін көрсетеді. Айта кетерлігі, талап арызды қараусыз қалдыру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.

Талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін өз күшін сақтайды. Ұйғарымның көшірмесі талап қою арызына қоса берілген материалдармен бірге талап қоюшыға беріледі. Ескерерлігі, талап қою арызын қарау үшін қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі тұлға жалпы тәртіппен сотқа жүгіне алады. Бұдан әрі нақтыласақ, істі қараусыз қалдыру талап қоюшыға сондай талаптармен сотқа қайта жүгіну құқығынан айырмайды, ол үшін алдыңғы жіберілген олқылықтар түзетілуі тиіс.

Соттар әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтар құқықтарын мүлтіксіз қорғау мақсатын көздейді. Соған орай, ел халқы да құқықтық сауаттары мен мәдениетін жетілдіруге бар күш-жігерлерін жұмсаса нұр үстіне нұр болар еді.

Ақсая Инсебаева,

Қарағанды облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...