Талап арыз қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралады

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлтты өзгелерден ерекшелейтін де, өзіндік болмысын айшықтайтын да – тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Біздің ана тіліміз әлемдегі мыңдаған тілдер ішінде мемлекеттік мәртебесі Конституцияда айшықталған маңызды тілдің қатарында. Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін төмендетпеу біздің басты парызымыз. Дегенмен, бүгінгідей жаһандану заманында бұл міндетті сапалы үйлестіру оңай болып тұрған жоқ.

Біздің елімізде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, қажеттілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Заңдарда да тілдің мәртебесін нығайтатын тетіктер жан-жақты қарастырылған. Мәселен Конституцияда да, Тіл туралы заңда да Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазақ тілі екені нақты көрсетілген.

Сол сияқты Азаматтық процестік кодексінің 14-бабы, 1-бөліміне сай азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі. Осы баптың 2-бөліміне сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Алайда заңда осылай нақтыланғанымен, сот тілін таңдауда қиындықтар кездеспей қалмайды. Көбінесе талап арызды берген тұлға орыс тілін жетік білгенімен, жауапкердің тек мемлекеттік тілді меңгергенін біліп жатамыз. Кейде заңгерлер мен адвокаттар өз қорғауындағы адамның қазақтілді екенін білсе де, талап арызды өздері білетін тілде жазып жатады. Мысалы, іс бойынша іс жүргізілетін тілді жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру мүмкіндігі берілмегендіктен, сондай-ақ іске аудармашы қатыстырылмай сот ісі жүргізілгендіктен  сот шешімдері жойылып жатады.

Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізбес бұрын істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге мүмкіндік бар. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

         Сонымен бірге сотта аудармашы қызметін, есту қабілеті төмен ерекше  адамдардың ымдау тілі маманының қызметін тегін пайдалануға құқығы бар. Азаматтық сот ісін жүргізудегі тілге байланысты қағидатты сақтау азаматтардың құқықтарын қорғауға, қоғамда әділеттілікті қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген бұл міндеттер мен қағидаттарды сақтау әділ сот төрелігінің кепілі.

Б.Амиркулов,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...