Талғар аудандық ауруханасында 4 бірегей операция жасалды

2022 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Талғар аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде хирург-дәрігер Омаров Нұрлыбек Оразкелдіұлы декубитальды жараларды (қысым жаралары) пластиктеу бойынша 4 бірегей операция жүргізді. Пластикалық хирургия саласындағы бұл операциялар республикамыздың бірнеше клиникаларында ғана жасалады.

«Көбінесе декубитальды жаралар төсекте ұзақ уақыт жатқан науқастарда пайда болады. Бұл инсульттан кейін, жұлын жарақаттарын алған және қарт адамдарда кездеседі. Көбіне адам денесінің жамбас сүйектері, жауырында, аяқта, өкше, шынтақ аймақтарында пайда болады», — деді Нұрлыбек Оразкелдіұлы.

Дәрігердің айтуынша, пациенттерде флегмонаның дамуымен және жұмсақ тіндерде жаралар пайда болған. Пациенттің денесіндегі жараларды гидроактивті таңғыштарды қолдана отырып, кезең-кезеңімен тазартумен қатар жүргізілген терапиядан кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Хирургтар емхана жағдайында екінші пластикалық кезеңнен өткізу үшін онлайн кеңес беріп, пациенттерді дайындықтан өткізіп, ауруханаға жатқызды. Барлық пациенттерге операцияның екі кезеңі сәтті жасалып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...