Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң қабылданбақ. Бұл – еліміздің цифрландыруға қадам басқанын айқындайтын тарихи шешім. Мəжіліс төрағасының айтуынша, заңның дайындалуы Қазақстанды жаппай цифрландыруға көмектеседі.
Құжат қауіпті технологияларды пайдалануға тыйым салып, жоғары тəуекелді жүйелерге қатаң бақылау енгізеді. Сонымен қатар ұлттық жасанды интеллект платформасы құрылып, əрбір азаматтың құқығы мен жеке деректері қорғалатын болады. Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасы Парламенттің қос палатасы депутаттарының бастамашылығымен əзірленген. – Заң жобасына сай Азаматтық процестік, Əкімшілік процестік, Қылмыстық-процестік жəне Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс терге түзетулер енгізу көзделген. Осы түзетулерге сəйкес, Конституциялық сот өз шешімдеріне айқындалған түсіндірмелер істі шешу үшін маңызды болса, жаңадан ашылған мəн-жай ретінде сот шешімдерін қайта қарауға негіз болады, – деді С. Имашева. Заң арқылы алғаш рет жасанды интеллект, модель, жүйе, деректер кітапханасы, синтетикалық нəтиже сынды жаңа құқықтық ұғымдар орнықтырылып отыр. Бұл құжатта Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға құқықтық негіз қалайды. Жобалар азаматтардың қауіпсіздігіне, деректерді қорғауға жəне инновацияларды қолдауға бағытталған. – Заң жобасында жасанды интеллектіні пайдаланудың негізгі этикалық қағидаттары бекітілген. Олардың ішінде адам құқықтарының басымдығы, жұмыстың қауіпсіздігі мен ашықтығы бар. Жасанды интеллект құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылмайды. Адам барлық шешімге жауапты болып қала береді. Жасанды интеллектіні əзірлеу жəне енгізу үшін Ұлттық платформа құрылады. Ол деректер кітап ханаларына, жасанды интеллект өнімдерін əзірлеу жəне пайдалану ортасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Заң жобасын əзірлеушілердің есептеу инфрақұрылымына, оның ішінде суперкомпьютерлерге қол жеткізу тəртібін анықтайды, – деді Е. Смышляева. Депутаттар заң жобаларын қараған соң Мəжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, еліміз алғашқылардың бірі болып ЖИ-ді дамытуға дем беретін заңды қабылдағалы отырғанын атап өтті. Осы заңды əзірлеу барысында цифрландыру саласындағы озық əлемдік тəжірибелер мен тəуекелдердің бəрі ескерілгенін айтты. – Мемлекет басшысы таяудағы жолдауында алдымызға үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде ауқымды міндет қойды. Бұл прогрессивті идея ны Президент бүгінде əлемнің ең басты мінбері – Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жасанды интеллектіні технологиялық жетістік деп қана емес, адамзат прогресіне қозғау салатын зор табыс ретінде қарастырады», – деп атап өтті. Бұл жаһандық үрдіс екенін көріп отырмыз. Президент атап өткендей, жаппай цифрландыру жəне жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің ұлттық басымдығына айналды, – деді Мəжіліс төрағасы. Е.Қошановтың айтуынша, «Жасанды интеллект туралы» заң – осы бастаманы іске асыру жолындағы іргелі қадам. Ол еліміздің цифрлық дамуын жаңа деңгейге шығаруға жол ашпақ. Сондай-ақ Мəжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мəдениет жəне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады. Заң бойынша халықаралық ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындарға ие болған оқушыларға бір реттік төлемақы беріледі. Оларды да йындаған педагогтерге де қаржылай өтемақы қарастырылған. Сондай-ақ мүгедек баланы тəрбиелеп отырған немесе І топтағы мүгедек адамды бағып отырған жоғары оқу орындарының түлектерін оқуға арналған мемлекеттік грантты міндетті түрде өтеуден босату ұсынылады. Шетелдік жоғары оқу орындарында резидентура, магистратура, аспирантура жəне докторантурада оқығандарға өтелім мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Мемлекет мектептер мен балабақшаларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтеді.
Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»