Тағы бір елде TikTok бұғатталады

Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Тиісті заңды қабылдаған ел билігі әлеуметтік желінің балалардың тәртібі мен психикасына кері әсері барын алға тартады.

Бұл шешімді шығару өткен айда мектепте болған тәртіпсіздіктен кейін қолға алынды. Естеріңізге сала кетейік,TikTok арқылы оқушылар жанжалдасып, оның арты мектептегі төбелеске айналған.

Соның салдарынан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған. Осыдан кейін  жергілікті билік TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Бұған дейін Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісі бұғатталатыны белгілі болды. Бұл ақпаратты Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі растады. 

Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел аумағында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат түскен.

Министрлік бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хатының негізінде қабылданғанын түсіндірді.

«Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» ҚР заңын сақтамау негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған», — делінген хабарламада.

Қырғызстан Мәдениет министрлігі былтыр тамызда да TikTok-ты бұғаттау туралы өтініш жолдаған болатын.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...