Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-нің жас қызметкерлері эксклюзивті көрмеге қатысты

Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай қаласының Абай атындағы кітапханасында көрме ұйымдастырылып, онда Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жас қызметкерлері көрмеге қатысты. Көрме «Алаштың Асыл мұралары»тақырыбында өтті. Көрмеге қатысушылар тәуелсіздікті сақтаудың маңыздылығын, оның тарихи маңыздылығын, қазіргі геосаяси жағдайда елдің жан-жақты дамуын және қазіргі заманның басқа да өзекті тақырыптарын талқылады.
Іс шараның мақсаты өскелең ұрпақты сирек басылымдар қорынан Алаш арыстандарының жазықсыз құрбандарының шығармаларымен таныстыру.
Кітап көрмесіне М. Қойгелдиевтің «Алаш қоңырауы», «Қазақ автономизмі және Ресей», Д. А. Аманжолова, «Алаш» қозғалысының тарихы, К. Н. Нұрпейісовтің «Алашорда», Р. Нұрпейісовтің «Алашордашылар», «Ұраным-Алаш!»Т.Жүртбай, М. Дулатұлының «Шығармалар», қ. Сәрсекеевтің «Смута», Р. Нұрсалиевтің «Әуезов және Алаш». Алаш тарихының барлық кезеңдері туралы баяндайтын кітаптар көпшілікке танымал болды. Кітап көрмесіне 100-ден астам кітап және мерзімді басылымдардан алынған жаңа материалдар ұсынылды.
-Бүгінгі ұрпақ кешегі тарихты білуі, бағалауы керек. Оның ішінде, халқымыздың рухани өміріндегі ең құнды байлық — алаш арыстандарының мұрасы деп санаймын-дейді №20 мекеме бастығының міндетін атқарушы Жеңісбек Дәуренбеков.

           Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың...

Ғылымдағы бірлік: ҚазҰУ түркі мемлекеттерімен әріптестікті нығайтпақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия,...

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...