spot_img
spot_img

ТӘУЕЛСІЗ КАССАЦИЯНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ


Дербес кассациялық соттардың тәжірибеге енгізілуі азаматтардың
құқығы мен мүддесін сапалы қорғауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге дейін
кассациялық сатының өндірісіне түскен істер «таңдап қарайтын кассация»
әдісімен қаралды. Соған орай, кассациялық сатыға жіберілген талап қоюлар
түгелдей қаралмай, іріктеліп зерделенетін. Мәселен сомасы 2000 АЕК-тен
кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы 30 000 АЕК-тен
кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты
даулар кассацияның қарауына берілмейтін. Сондай-ақ қылмыстық теріс
қылықтар мен ауырлығы аз қылмыстар бойынша да шектеулер болды.
Мұндай шектеу азаматтардың Конституциялық құқығын шектеп, орынды
өкпе-ренішін тудырды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» азаматтардың ұсыныс-тілегі
үнемі ескерілетіні белгілі. Бұл жолы да көпшіліктің талап-тілегін таразы
басына салған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы
органдарға кассациялық сатының жұмысын қайта қарап, көпшілік
ұсынысына сай жаңғыртуды тапсырған еді. Президент тапсырмасына сай
кассациялық соттың жаңа дербес моделі жасалып, оның құқықтық тетігі
заңнамалық тұрғыдан шешімін тапты. 2024 жылғы 5 шілдедегі No109-VIII
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 2025
жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде үш дербес Кассациялық сот жұмысына
кіріспек.
Кассациялық соттарды өңіраралық сот мәртебесімен өзге соттар секілді
Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Құрылым бойынша
Кассациялық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Кассациялық сотта
мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкіндігі көзделген. Ал сот істері
мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Бұған қоса
дербес кассациялық соттар сот тәжірибесін зерделеп, төмен тұрған сот
сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықты сақтауын
қарайды. Енді кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында емес,
дербес болады. Мұндай өзгеріс Жоғарғы Соттың да жұмысын өзгертті.
Алдағы жылдан бастап Жоғарғы Сот заңда көзделген жағдайларда өзiнiң
соттылығына жатқызылған сот iстерiн қарайды және сот практикасы
мәселелерi бойынша түсiндірмелер беріп отырады.
С.Баймакулова,
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық
сотының судьясы

Казахстанские юные бадминтонисты завоевали комплект медалей на Batumi Cup 2025!

Сборная Казахстана успешно выступила на международном турнире Batumi Cup...

Қазақстан жас бадминтоншылары Batumi Cup 2025 турнирінде толық медаль жиынтығын иеленді!

Қазақстан құрамасы халықаралық Batumi Cup 2025 турнирінде табысты өнер...

Дмитрий Панарин — Cameron International Challenge 2025 турнирінің күміс жүлдегері!

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Камерунда өткен беделді халықаралық турнир...

Дмитрий Панарин — серебряный призёр Cameron International Challenge 2025!

Казахстанский бадминтонист Дмитрий Панарин завоевал серебряную медаль в мужской...