Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің негізгі міндеттерінің бірі болып мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі жұмысын үйлестіру табылады.
Бұл ретте Агенттікпен мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар бекітілген болатын.
Аталған жоспарға сәйкес, бүгін Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялар төрағаларымен, персоналды басқару және қоғамдық ұйым өкілдерімен мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Департаментпен жүргізілген талдау нәтижелері Алматы қаласы бойынша тәртіктік жазаға тартылған қызметкерлердің саны жылдан жылға азайып жатқаның көрсетіп отыр.
Алайда, кей мемлекеттік органдарда мемлекетік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту барысында Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының сақталмау мәселелері орын алып жатқаның көрсетті.
Талдау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметі кезінде туындайтын мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың тәртіптік жаза қолдану қағидаларының кей тармақтарын толықтыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен алдағы уақытта мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі жұмысын үйлестіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Науқанбай Лаура


