1995 жылдың 7 сәуірі ел тарихында қаралы күндердің бірі болып қалды. Осыдан 27 жыл бұрын Тәжікстан Республикасының Пшихавр таулы шатқалында әскерилер мен моджахедтер арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр ұрыс болды. Сол шайқаста әскери борышын өтеп жүрген қазақстандық 17 жауынгер қаза тапты. Тағы 40-қа жуық сарбаз түрлі ауыр жарақат алды.
Міне, осы қанды қырғынның соңғы шайқасын көзімен көріп, 1998 жылы қолына қару алып, өзге елдің шекарасында күзетте болып келген Арысбеков Мұңайтпас бүгінде ЗК-169/1 тергеу изоляторының аға корпусшысы, әділет прапорщигі.
Жиырма жыл осы мекемеде жұмыс жасап келе жатқан ҚАЖ қызметкері ұжымға беделді, құрмет тұтар азамат. Тергеу изоляторының тегеурінді ісіне төтеп беріп еңбек етіп келе жатқан еңбегі еленіп, ішкі істер саласындағы 10 жыл, 15жыл еңбек еткені үшін медалімен және үздік төс белгісімен марапатталған.
2021 жылы «Қазбат жауынгерлік іс-қыймылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Әскери –патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін «Қазақстан патриоты» медальімен наградтталды.
Бауырлас мемлекеттің тыныштығы үшін шекара күзетінде болып, от пен судан аман келіп, қазіргі таңда да ел қауіпсіздігі жолында еселі үлес қосып жүрген бұл азамат шынындада ел патриоты.
Өйткені ол, мекемеде ұйымдастырылған патриоттық тақырыптардағы іс-шарада, жеке құрамға өз көзімен көрген сол бір сұрапыл жылдардағы өзге елдің тыныштығы үшін жанын пида еткен ұландардың ерлігін дәріптеп, әңгімелеп беріп отырады.
Көрші тәжік-ауған шекарасында соғыс оты ушығып тұрған сәтте, біздің елдің мыңдаған жастары да ТМД мемлекеттері арасында жасалған халықаралық келісімшарт аясында өздерінің әскери борышын өтеді.Сол қантөгісте ерлікпен антқа адалдықтарын дәлелдеген алдаспан намысты қазақстандық 7-ші ротаның жаужүрек жігіттерінің қай-қайсының болсын батырға лайық орны бар.
Мен 1998 жылы шеккараға барған күннің ертесіне-ақ, тәжіктер шабуыл жасады. Әлі ол жердің қыр-сырын танып білмеген өзімдей соғыс көрмеген жас жігіттерге алғашқыда қиында.