Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде шет ел азаматтары да жазасын өтеуде. Мекеме қызметкерлері әр сотталғанның темір торға түскенінен бастап, өмірге қайта тәрбиелеп, оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуы мен қайта қылмыс жасамау мақсатында және шыққанға дейінгі дұрыс-мінез құлық пен іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарайды.
Бүгін мекемеден жаза мерзімінің соңымен тағы бір шет ел азаматы босатылды. Өзбекстан елінің азаматы Шымкент қаласы, Абай аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 286- бабының 1 -бөлігі, 296 бабының 2-бөлігі, 58- бабының 2 бөлігімен1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37мекемеде жазасын өтей жүріп, мекемеішілік мәдени,спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Сондай-ақ мекеме әкімшілігі бұл сотталғанды жұмысқа да орналастырады. Мерзім соңымен босатылғанша жұмыс жасайды.
— Сотталғанның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты, мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 30.01.2016 жылғы №89 бұйрығына сай босатылатын шет ел азаматын құжаттарымен бірге Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына тапсырады. Одан әрі сотталған азаматты өз еліне жіберуді облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы жүзеге асырады. Сондай-ақ шет ел азаматын заң талаптарына сай мекеме әкімшілігі жол қаражатымен қамтамасыз етті.
Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің босатылатын сотталғандарды тұрмыстық және еңбекке орналастыру жөніндегі аға инспекторы Айнұр Абдрашитова.
«Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені өз еліме, отбасыма, балаларыма оралғалы тұрмын. Мекемеде жазамды өтей жүріп, бостандықтың қадірін түсіндім. Мекеме әкімшілігіне, қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді шет ел азаматы.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД


