12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түзеу мекемесінде кәсіп ашу тиімділігін көрсетті


Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлескен ашық есік күні болып өтті. Шараға өңірдегі біршама кәсіпкерлер қатысып, режимдік аймақтағы қызу тірлікпен танысты. Сондай-ақ, цехтарда жұмыс жасап жатқан сотталғандардың жасаған бұйымдарын тамашалады.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың айтуынша кәсіпкерлер үшін түзеу мекемесінде өз кәсібін ашуға жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылған.

— Бүгін «Ашық есік күнін» өткізіп, кәсіпкерлерді осы мекемеге шақыруымыздың себебі, оларды өндірістік аймағындағы бос ғимараттарды көздерімен көріп, өз жобаларын жүзеге асыруға көмектесу. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтылу өте маңызды. Білікті жұмыс күші де осы жерден табылады. Бұл ұсыныс әсіресе, ісін жаңа бастаймын деген кәсіпкерлерге тиімді» — деді.
Бұл шараның маңыздылығына ден қойған облыстық кәсіпкерлік палатасының өкілдері бұдан былай бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

-Енді жылда осындай шара өткізіп, кемшін тұстарын жетілдіріп, қандай бағытты дамыту керек сол жөнінде жұмыстар атқаруға келістік. Кәсіпкерлерге несие гранттарын беріп, кәсібін дамытуға қолдаулар көрсеткенбіз. Өздеріңіз көргендей дәл қазірдің өзінде түзеу мекемесінің аймағында қаншама кәсіпкер кәсіптерін дөңгелетіп, жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Істің көзін таба білген адамға кез-келген жерден нан табуға болады,-деді облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
Қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Олардың 400-ге жуығы РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалында яғни мекеменің өндіріс аймағындағы 9 жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (ағаш өнімдері, қолөнер бұйымдары, автокөлік қосалқы бөлшектерін жасау, газоблок, кірпіш өндіру және жылыжайда қияр, қызанақ көкөністерін өсіру) жұмысқа орналастырылған. Қос тарап өзара келісім барысында «егер түзеу мекемесінде жұмыс көзін арттырсақ сотталғандарды түгел жұмыспен қамтып, сотпен келтірілген шығындарын өтеуге мүмкіндік жасаймыз» деп отыр. Бүгінгі шараның мақсаты осы үдеден шығу.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...