12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар спорттық жарыстан сынға түсті

Наурыз мейрамына орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында спорттық жарыс өтті. Олар шағын футболдан, гір көтеруден, арқан тарту сынды спорт түрінен сынға түсті.

Сотталған азаматтар командаға бөлініп арқан тартудан үш команда, футболдан төрт команда қатысып жарыс көркін қыздырды. Ал гір тасын көтеруден 16 кг. гір тасын 70 рет көтерген Р.,есімді сотталған басқа қатысушыларды басып озды.Арқан тартудан «Орда», «Қыран», «Тұлпар» командалары сынға түсті. Арқан тарту аламаны тартысқа толы болды. Қызықты да тартысты өткен додада «Тұлпар» командасы І орын алса, ІІ, ІІІ орынды «Орда», «Қыран» командасы бөлісті. Ал шағын футболдан №2 жасақтың футбол құрама командасы қарсыластарын қапы қалдырып,бас жүлдені қанжығасына байлады. Жарыс қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен алғысхатпен марапатталды.

«Жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері әртүрлі тәрбиелілік іс-шара ұйымдастырып отырады. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Мекемедегі жазасын өтеушілердің барлығы қатыстырылды. Тартысты өткен ойын азаматтардың өмірге құлшынысын арттырып, олардың қайта құқық бұзушылық жасамайтынын және оңалуына септігін тигізеді деп есептейміз»-деді әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай N°3 мекемесінде мерекелік іс-шара өтті

Қазақстан халкының бірлігі күні қарсаңында ҚР ІІМ ҚАЖД N°3...

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...