spot_img
spot_img

Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері мектеп оқушыларын ҚР Ішкі істер министрлігі Академиясына оқуға түсуге үгіт-насихат жүргізді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 қоныс колониясының қызметкерлері әділет лейтенанты Е.Мамшай және әділет аға лейтенанты Азиза Абилхайрова, Ақтөбе қаласындағы «Елек орта мектебі», №26 және №59 орта мектептер, сондай- ақ «Ақтөбе политехникалық колледжі» мен «М.Тынышпаев атындағы Ақтөбе Көлік және коммуникация колледжі» түлектерін ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде мектеп оқушыларына 17 жастан 25 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары үшін Академияға түсу мүмкіндігі бар екендігі және төрт жыл оқығаннан кейін студенттер диплом, «Лейтенант» атағын алатындығы, сонымен қатар оқу бітіргеннен кейін міндетті түрде жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндіктері айтылды.

Сондай- ақ, Академияда оқу — мерзімдік әскери қызмет өткерумен теңестірілетіндігі және Академия тыңдаушылары үшін шәкіртақы және авто-теміржол көлігімен тұрақты тұратын жеріне және демалыс кезінде академияға оралу үшін жол жүру ақысы төленетіндігін атап айтқан жөн.

Айта кету керек, №9 қоныс колониясының қызметкерлері оқуға түсетін талапкерлерді іздеу мақсатында, Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...