12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Еңбек сотталғандарға әсер етудің басқа тәсілдері мен әдістерімен бірге оларды тәрбиелеу мен түзетудің негізгі құралдарының бірі ретінде әрекет етеді. Бұл ретте жазаны өтеу процесінде сотталғандардың еңбегінің маңызы тек таза тәрбие міндетімен ғана шектелмейтінін атап өту маңызды. Ол, ең алдымен, сотталғандардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытады, олардың ерік-жігерін қатайтады, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады, өзін-өзі бағалау деңгейін және басқа адамдардың көз алдында маңыздылығын арттырады. Бұл, сайып келгенде, сотталушының санасында өз қателіктерінен қорытынды жасауға, түзету жолына түсуге, толыққанды азамат және қоғам мүшесі болуға деген ұмтылыстың қалыптасуына ықпал етеді.

2022 жылғы 22 қарашада СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция генерал-майоры Берік Биляловтың мекемелер аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

Қазіргі уақытта жұмысқа орналастырылған сотталғандардың жалпы саны 289 адамды құрайды.

Мекемелерде барлығы 19 шағын және орта бизнес субъектісі өз жұмысын жүзеге асырады, оның ішінде:

ЖК-15 субъект;

ЖШС-4 субъект;

Кездесу барысында өндірілетін өнім санын кеңейту, жаңа бизнес субъектілерін ашу және бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлер мекемелердің аумағына кіру үшін арнайы рұқсаттамалар дайындауды ұсынды.

Кездесу соңында ЖК өкілдері сұрақтарға толық жауап алып, ынтымақтастықты нығайту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...