12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кентау қаласында тағы бір азамат қамауға алынады

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде жүз қырыққа жуық сотталған азамат есепте тұрады.
Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Кентау қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Елуден асқан ел ағасы бөтеннің мүлкін жымқырып ұрлық жасағаны үшін Кентау қалалық сотының шешімімен бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған болатын. Бұл азамат қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынған күні инспектор Ғалымжан Бердишев сот жүктеген міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, ол жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Бұл сотталған азаматтың алдағы уақытта қылмыс жасауының алдын алу үшін және де өзінің жасаған әрекетінен сабақ алу мақсатында, пробация қызметінің инспекторы қалалық сотқа ұсынысы жіберді. Әділет инспекторының ұсынысы қанағаттандырылы 58 жастағы азамат бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған өтелмеген бөлігін абақтыда өтейді.
«Алайда, өзіне тиісті тұжырым жасамаған сотталушы жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сай бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылады» деп атап өтті Кентау қалалық пробация кызметінің аға инспекторы әділет капитаны Ғалымжан Бердишев.

-Елуден асқан ел ағасы пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамай, пробациялық бақылауға келмей, кешкі уақытта үйінде болмады. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашағымыз, — деді Кентау қалалық пробация кызметінің аға инспекторы әділет капитаны Ғалымжан Бердишев.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...