Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесінде мекемеден босатылатын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бағытында «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара барысында Ақтөбе қалалық «Мансап» орталығы филиалының маманы Аңсар Талғатұлы мекемеден босатылатын сотталғандарға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар әлеуметтік ақшалай көмек түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.