Пробация қызметінің есебінде тұрған, сотталған азаматтар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2023 жылдың қараша айының 20-30-шы жұлдызы аралығында «Қауіпсіз қала» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесе өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстырын жүргізу, бірлесе отырып мекн-жайлары, жұмыс орындары бойынша тексерістер жүргізу, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан қайталама қылмыс жасауға жол бермеу, сондай-ақ пробация қызметінің бақылауынан жасырынған және жалтарған сотталғандардың соңғы орналасқан мекен-жайын анықтау болып табылады.
Сонымен қатар, шетелге рұқсатсыз шығу, уәкілетті органды хабардар етпестен ел ішінде тұрғылықты мекен-жайын ауыстыру, қайталама қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау деректерін уақтылы анықтап, тиісті шаралар қабылдау. Сонымен қатар есепке алынған адамдарды «Web-интерфейс», «Ақпараттық сервис», «ҚР БП ҚСжАЕК және СУ» деректер базасы, ҚР ҰҚК «Мемлекеттік органдардың Бүркіт-клиенті» бірыңғай ақпараттық жүйесі және ІІО-ның басқа да есептік базалары бойынша тексерілетін болады.
Абай облысы бойынша ҚАЖД
Үржар аудандық №1 пробация қызметінің
бастығы әділет майоры Б.А.Ерденбеков