12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Екі қолға бір күрек

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық прообация қызметі мен аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен аудандық пробация қызметі бөлімінің есебiнде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары» атты жәрменке өткiздi.

Аталған жәрмеңкеге Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған 5 сотталған азамат қатысып, оның ішінде бір сотталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды. Ал, қалған азаматтар қысқа мерзімді оқу мен жеке кәсіп ашу бойынша мамандардан кеңес алды.
Келес аудандық жұмыспен қамту орталығы жылдың соңына дейін жұмыссыз жүрген адамдар мен қатар аудандық пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту орталығы тоқсан сайын жәрмеңке ұйымдастырып, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

— Аталған жәрмеңкесінде тұрақты жұмысқа жолдама алған есепте тұрған азамат аудандық ауруханаға жұмысшы ретінде жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету — халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталған азаматтар үшiн бұл — үлкен мүмкіндік. Сол себепті пробация қызметiнiң қызметкерлері бұл шараға аудандағы кәсіпкерлер, жұмыс берушi мекеме басшылары болашақта да белсендi қатысады деген сенімде, — деді Келес аудандық пробация қызметi бөлімінің бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.

Пробация бастығының сөзіне қарағанда, бос жұмысорындары бойынша жәрменкелер алдағы уакытта да жиі ұйымдастырылып тұратын тілге тиек етті. Жалпы, шараға қатысқан пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушілер бірнеше тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан он төрт соталған азамат жұмысқа орналасу үшін жолдама алды. Олар электронды үкіметтегі «Еңбек.кз» сайты арқылы жұмыс беруші мекеменің бос жұмыс орнына өтініш қалдырады. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, сайт арқылы өтініш қалдыратын болады. Жалпы, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде біршама сотталған азаматтар жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, өздерінің шағын бизнесін ашуды жоспарлап жүргендер де мамандардан кеңес алып, бизнес ашудың жолымен танысты. Алдағы уақытта жұмысқа орналысып отбасыларына материалдық көмек көрсете алады. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды пробация инспекторлары бақылап отырады.
Әрине, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар «екі қолға бір күрек» деп жұмыс берушілердің ұсынған жұмыстарына орналасуға ниет білдіріп отыр.

Мен Келес аудандық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп болған жоқ. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, Келес аудандық ауруханаға жұмысшы болып жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқықбұзбауға тырысамын, — деді пробация қызметінің есебінде тұрған азамат.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...