12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәуелсіздік – ұлттық рухтың жемісі

Тәуелсіздік – еліміздің ұлы мерекесі. Бұдан 29 жыл бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланып, 16-желтоқсан сан ғасырлық тарихымызға алтын әріппен жазылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды. Осы заңның преамбуласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растайтыны, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құратыны жайлы нақтыланып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығы мәлімделді. Республикамыз өзінің Ата Заңын бекітті.

Өз алдына дербес ел болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекетіміз көк байрақ астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал, ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген өсиеті ұрпақтан-ұрпаққа үлгі. Ұлттық идеялар құқықтық жағынан толық негізделсе ғана ұлттың келешегі жарқын болатынын алаш ардақтылары айтып кеткен.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасы судьяларының сегіз съезі өтті. Әрбір съезд қоғам мен мемлекет үшін аса зор маңызға ие. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң, «Судья әдбебі» кодексі қабылданды. Сот жүйесін жетілдіруде аталған заңның ролі айрықша. Осы заңмен судьялардың мемлекет тарапынан жасалатын әлеуметтік кепілдіктері жақсартылып, олардың жұмыс сапасына деген талаптар күшейтілді. Сот төрелігінің әділдігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында, елімізде мамандандырылған соттар жұмысқа кірісті. Судьялардың тәуелсіздігі нығайып, сот актілерінің сапасы артты.

Заңдар жаңарып, алқабилер, медиация, т.б. институттар өмірге енді. «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен «Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі туралы» заңы қабылданып, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңға, сонымен қатар, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жедел, қолжетімді бола түсті. Заманауи технологиялар азаматтардың сотқа келуін міндеттемей, арыз-шағымын «Сот кабинеті» арқылы жолдауына жол ашты. Бейнебайланыс арқылы сот процестеріне қатысып, өз құқықтарын қорғауға қол жеткізді. Мұның бәрі азаттықтың жемісі.

Тәуелсіз елімізде кез келген адамның мүддесі заңмен қорғалады, ешкімді де соттың шешімінсіз жазалауға болмайды. Қазақстан 1998 жылы әйелдерге байланысты кемсітудің барлық түрін жою жөнінде БҰҰ конвенциясына қосылғанын да айта кеткен жөн. Тәуелсіздік алған күн – жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың мерекесі. Еліміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенімі мен халқымыздың бақуатты тұрмысының, жарқын өмірінің кепілі – Тәуелсіздігіміз нығая берсін!

Жанар Ибрагимова,

Алматы облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...