Тәуекел Мүсілім тұңғыш рет әке атанды

32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі хабарланған жоқ. Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әке атанды. Бұл туралы актердің өнердегі әріптестері әлеуметтік желіде хабарлап, құттықтау жолдап жатыр.

32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі хабарланған жоқ.

Құттықтау жолдағандар арасында әнші Альбина Шардарова, спортшы Қуат Хамитов, журналист Аман Тасыған бар.

Түктібаева Махаббат Қарағанды Медицина университетінде дәрігер мамандығын тәмамдаған. Оның өнер әлеміне қатысы жоқ болса да, бүгінде модель ретінде көпшілікке таныс.

Айта кетейік, екі жас 2019 жылы шаңырақ көтерген еді.

«Ағайын-туысқа беташар болды. Апамның алдынан өтіп, үлкендердің батасын алдық. Той бұйырса, келесі жылы болады. Жақындарым, ешкім қалып қойған жоқ уайымдамаңыздар», — деп жазды Мүсілім 2019 жылы.

Алайда коронавирус пандемиясына байланысты екі жас көпшілікті жинап, үлкен той өткізуден бас тартты.

Крах финпирамиды: не случайность, а неизбежность 

С ГРОМКИМ ТРЕСКОМ ОБРУШИЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА ФИНАНСОВАЯ ПИРАМИДА. ПОД...

Цена нарушенной безопасности

СУД В ЩУЧИНСКЕ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ О ВЗРЫВЕ...

Судебной экспертизе Казахстана – 75 лет 

75-ЛЕТИЕ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНОЙ СИСТЕМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН – ЗНАМЕНАТЕЛЬНАЯ ДАТА ДЛЯ...

Вызов навстречу трагедии

В ГРОМКОМ ДЕЛЕ О ГИБЕЛИ ФЕЛЬДШЕРА УЛДАНЫ МЫРЗУАН В...

Задача – повышать авторитет судебной власти 

25 ЯНВАРЯ 1999 ГОДА В Г. АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ ВТОРОЙ...