12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түстермен бөлу және QR-код: министрлік жаңа жүйе туралы қосымша ақпарат айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мекеме иелері мен олардың келушілері үшін пилот жоба ретінде іске қосылған жаңа Ashyq қосымшасының қанша тұратынын айтты. Жоба бойынша қазақстандықтарды қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөледі де, оларды бірқатар мекемеге QR-коды арқылы өткізеді. Оның түсі адамның коронавирус жұқтырғанына және ПТР-тесттің бар-жоғына байланысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері әзірлеушілер қосымшаны тегін жасағанын айтты. Олар қосымша тек кәмелетке толғандарға қолжетімді екенін де жеткізді. Тиісінше, адам мекемеге баласымен келсе, ересектің деректері ғана сканерленеді. ⠀

Пилот жобаға қатысу үшін кәсіпкерлер өзінің QR-кодын InfoKazakhstan.kz сайтынан ала алады. Ал келушілер телефонға Ashyq қосымшасын жүктеп, онда телефон нөмірі арқылы тіркеліп, ЖСН жазу керек.


Мекемеге барған кезде ол жердің QR-кодын сканерлеу арқылы кіргенің тіркеледі. Әр кірер есікте жеке QR-код болады. Шыққанда да сканерден өткізу қажет.

Еске салайық, қызыл түс берілсе қозғалыс шектеледі, бұл амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшауланудың қатаң режимін сақтау керегін білдіреді.

Сары — қозғалыстың ішінара шектелуі: пайдаланушы ПТР деректер базасында байланыста болған адам ретінде белгіленеді, азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға бара алады, бірақ пациент оқшауланып жатқан жерден 500 метрден алыстамауы тиіс.

Көк — ПТР талдауы міндетті түрде керек орындардан басқа (мысалы, әуежайда) жерлерде қозғалысқа ешқандай шектеу жоқ.

Жасыл түс — ешқандай шектеу жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда COVID-19-ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетіледі.

Пилоттық жобаның қорытындысында қоғамдық орындарға, сауда және ойын-сауық орталықтарына, дүкендерге, мейрамханаларға, дәмханаларға, вокзалдарға, әуежайларға және басқа да жерге кіру үшін мобильді қосымшаны тираждау мерзімін айқындауға мүмкіндік береді.

№75 мекемесі Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық...

Осужденные женщины сыграли спектакль

В учреждении №10 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Сотталған әйелдер әртістерге спектакль қойды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...

Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне...