Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Т.Рысқұлов АПБ-нің учаскелік инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, сотпен жүктелген міндеттер мен шектеулерді орындау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынатын өмір салтын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Тексеру барысында сотталғандардың тұрғылықты мекенжайда болуы, тұрмыс жағдайы және жүктелген міндеттерді орындауы бақылауға алынды. Аталған профилактикалық іс-шаралар мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Пробация қызметі азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...