Тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстаннан 64 мыңнан аса адам кетіп қалды — ҰҚК

Қазақстаннан тәртіпсіздіктер кезінде 64 мыңнан аса адам кетіп қалды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы 4-12 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеген, 64 048 Қазақстан азаматы елден кеткен.

«Тәртіпсіздіктерге байланысты 2022 жылы 6-12 қаңтар аралығында Алматы қаласының әуежайынан халықаралық рейстер орындалмады. Құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өткізу Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен карантин шектеулері кезеңінде шекарадан өту тәртібінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады», — деп толықтырды ведомство өкілі.

Бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеріс жүргізіліп жатырғаны хабарланды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...

ЭКСПЕРТНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ

Статья «Прозрачность бюджетных процессов и конкурентные государственные закупки: проблемы...