12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәртіпке бас иген құл болмайтынын түсінсек екен…

Судьялар корпусының соттарға талап арыздар мен өтінішхаттардың жолдануын тоқтата тұру туралы хабарламалары мен түсіндірмелеріне қарамастан «сот кабинеті» арқылы келіп түсетін істердің қатары азаймай тұр. Ол аздай карантин кезінде тиісті орындардың тұрғындарды барынша тәртіпке шақырғанына қарамастан, төтенше жағдай режимін бұзуға тырысып, жағдайды ушықтыратындардың саны да азаяр емес. Яғни осындай қысылтаяң шақта, дәрігерлер мен құқық қорғау орындары қызметкерлерінің қызметіне қоса сот саласы мамандарының да маңыздылығы артып тұр.
Осы ретте судьялардың 70% қашықтықтан жұмыс істеуге көшсе де, жағдайға орай қажеттілік туындағандықтан, қоғамдық тәртіптің сақталуы үшін Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сот төрелігін жүзеге асыруды жалғастырып жатқандығын атап өтуге болады. Бүгінде Республика соттары толығымен техникалық жағынан жарақтандырылып, істерді «TrueConf», Zoom, Skype, WhatsApp және басқа да байланыс құралдарының көмегімен онлайн-режимде бейнебайланыс арқылы іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, тәртіп бұзушылықтарды қарауды қамтамасыз етуде.
Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетсек, Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6)тармағымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгіленген режимді бұзу немесе талаптарды орындамауына байланысты төтенше жағдай басталған кезеңнен бері 227 іс келіп түскен. Яғни тыйым салынғанына қарамастан қалаға заңсыз кіріп шығуға әрекет жасаған 29 әйел адам мен 197 ер адам әкімшілік жауапқа тартылып отыр. Және тағы бір төтенше жағдай режимін бұзған заңдық тұлғаға қатысты іс қозғалған. 118 іс бойынша әкімшілік айыппұл тағайындалса, 5 іс бойынша ескерту берілген. Және 106 іс бойынша әкімшілік тыйым салу қарастырылған.
Және Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 478-бабымен әкімшілік құқық бұзған 1 тұлғаға қатысты іс қозғалып, жазаға тартылған.
Бүгінгі күні тұрғындарға басты талабы «үйде отыр» болып отырған төтенше жағдай кезінде, көпке ортақ тәртіпке бағынбаудың өз өміріне де, өзгелердің өміріне де тигізер зардабы үлкен болып тұр. Сондықтан әрбір азамат қоғамдық жауапкершілікті түсініп, «тәртіпке бас иген құл болмайтынын» түсінсе екен. Яғни карантин ережесіне неғұрлым тез бағынсақ қана қалыпты өмірімізге соғұрлым тезірек қайта оралатынымыз анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей дүниежүзін әбігерге салған пандемиялық кезеңде ел болып, індетті бірге жеңуге күш салып, әрқашан «береке түбі бірлікте» екенін ескеріп, төтенше жағдай кезінде қауіптің алдын алуға «БІЗ БІРГЕМІЗ» және бірге төтеп береміз дегіміз келеді.

 Қожағулов Ержан Нұржанұлы, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...