12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тәртіпке бас иген құл болмайды: Маңғыстауда есепте тұрған тұлға қайта қамауға алынды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Қарақия аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған М. есімді тұлғаға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынысты аудандық сотқа жолдады.

2021 жылы Ақтау қалалық сотының үкімімен М.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігіне сай пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы қарастырылған. Пробация қызметкерлері сотталғанды есепке алынған күннен бастап бақылауға алды. Уақтылы үйінен тексеріп, профилактикалық бағытта сұхбаттар жүргізді.

Алайда, мекен-жайы бойынша тексеру барысында қызметкерлер М.-ның үйінде болмағанын анықтап, ескерту берілген. Дәл осы жағдай бірнеше рет қайталанып, сотталған ескертілген. Қарақия АПҚ қызметкерлері сотталғанға қатысты құжаттар жинап, сотқа жолдады. Аудандық сотының қаулысымен есепте тұрған М. есімді сотталған уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Енді ол жазасының өтелмеген мерзімін ҚАЖ мекемесінде өтейтін болады.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...