Төрт облыста боранға байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысында боранға баланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндіз 9 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

9 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Оралда да тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда 9 қаңтарда күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Бұдан басқа, Өскемен, Риддер қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентінде 9 қаңтардың кешіне дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері ауа райы жылы болады деп болжаған еді.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...