Төрт адам автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен

2020 жылдың 8 желтоқсанында Қызылорда облысының Арал ауданында Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жерде Қамбаш көлінде «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Іздестіру жұмыстары бүгін де жалғасты. 7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денелері бар. Сағат 10.05-те құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін судан алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Гүлбану МАҚАЖАН,
Қызылорда облысы

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...

Энергия добра

В ЮЖНОЙ СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА ВОЛОНТЕРСКОЕ ДВИЖЕНИЕ СРЕДИ ПРОАКТИВНОЙ МОЛОДЕЖИ...

Символ семейного счастья 

БУКВАЛЬНО НЕДЕЛЮ НАЗАД В НАШЕЙ СТРАНЕ ЗАВЕРШИЛАСЬ ДЕКАДА ПРАЗДНОВАНИЯ...

Баланс и стабильность – ключевые индикаторы

Мировая финансовая система вступает в новый этап испытаний. Центральные...

Содействие осужденным

В городе Семей прошло заседание комиссии по содействию деятельности...