Тұрмысқа шығып, шетелге көшуім мүмкін — Ақбота Сейтмағамбет

Ақбота Сейтмағамбеттің өмірі мен өнерінде түрлі жаңалықтар бар. Әнші жаңа әндер жазып, бейнебаян түсіруді қолға алған. Ал жеке өмірінде, сүйікті азаматы кездессе, шетелге кетуі мүмкін екенін айтады.

Бұл туралы «Ревю» бағдарламасында айтты, деп жазады stan.kz.

Ақбота Сейтмағамбеттің шығармашылығында жаңалықтар көп. Әнші әндерін жаңартып, жаңа әндер жазды. Дуэт айтты. Алдағы уақытта Азиз Балтабекұлымен дуэт айтпақ. Соңғы кездері әнші фото түсірілімдерге қатысып, имиджін де өзгерткенге ұқсайды.

«Қазір жаңа әндер жазып жатырмын. Жаңа бейнебаян, фото түсірілімдерге барып жүрмін. Екі ұлымды анамның туған әпкесі қарап жатыр. Кейде өз ата-әжесіне апарып тастаймын. Кейде Дәурен қарайды. Қазір балаларымен қатынасы жақсы. Араласып жүр. Мен үшін ол жау емес. Ол — балаларының әкесі. Екіншіден, жұмысымыз, балаларымыз, табысымыз ортақ болғандықтан бірге жобаларға қатысамыз. Шақырту алсақ, бас тартпаймыз. Біздің жеке проблемамызға, біздің жеке өмірімізге жұмысымыздың қатысы болмауы керек», — деді әнші.

Ақбота Сейтмағамбет болашақта Түркияға барып актриса атануы мүмкін. Тіпті тұрмысқа шығып жатса, шетелге көшуден де бас тартпайды.

«Егер тұрмысқа шығып жатсам, шетелге көшуден бас тартпаймын. Бірақ мен үшін туған жерім қымбат. Қазір түрік тілін үйреніп жүрмін. Түркияға анкеталарымды жіберіп жатырмын. Режиссерлерге актриса ретінде өзімді ұсынғаным бар», — деді Сейтмағамбет.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...