Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды «ата-бабамыздың жері» деп атады

Астанада сапармен жүрген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды «ата-бабамыздың жері» деп атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ata topraklarımızda… («Ата-бабаларымыздың жерінде»)», — деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында Қазақстан астанасынан түсірілген суретте.

Түркия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді.

Ол Тоқаевпен екіжақты кездесіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.

Тоқаев Ердоғанмен кездесуінде оған 1-дәрежелі «Достық» орденін тапсырып, Түркияны «Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі» деп атады.

13 қазанда Түркия басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысады.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...