Түркия наурыздан бастап коронавирусқа байланысты шектеуді біртіндеп жеңілдете бастайды

Түркияда енгізілген шектеулер наурыздан бастап жергілікті эпиджағдайға қарай біртіндеп жеңілдей бастайды. Бұл туралы ел президенті Реджеп Тайип Ердоған айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бүгінде Түркияда жұмыс күндері және жұма мен дүйсенбі аралығында 21.00-ден 5.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. Одан бөлек, Түркияда маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау режимі бар. Мейрамхана, кафе, түнгі клубтар мен басқа да көңіл көтеруге арналған мекемелер жабық, қоғамдық тамақтану орындары жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді.

«Коронавируспен күрес динамикасы мен біздің жұмысты ескере отырып, наурыздан бастап шектеуді біртіндеп жеңілдетуді бастаймыз. Біз өңірлерді төрт категорияға бөлдік. Осы топтар бойынша жеке шешім қабылданады», — деді Ердоған.

Сонымен қатар, ел президенті алдағы күндері мейрамхана, кафе және басқа да мекемелерді ашуға арналған жол картасы қабылданатынын айтты.

Оның сөзінше, Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина 5,5 миллион адамға салынған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...