12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістанда жаңа білім ордасы бой көтерді

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінің салтанатты ашылуы өтті. Университет Орталық Азияның ежелгі тарихи қалаларының бірі — үлкен туристік әлеуетке ие Түркістанда орналасқан. Университеттің ашылуы online-форматта өтті.

Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Ө.Шүкеев, Өзбекстанның Премьер-Министрінің орынбасары — «Жібек жолы» Халықаралық туризм университетінің ректоры (Самарқанд қ.) А.Абдухакимов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі В.Самек, және университет ректоры М.Мурзамадиева құттықтау сөз сөйледі. Шақырылған спикерлер университеттің дамуына, халықаралық ынтымақтастық саласында қолдау көрсетуге уәде берді.

Жаңа университет Қазақстан Республикасында туристік қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды.

Туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандарды даярлау үшін халықаралық деңгейдегі Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған университетті ашудың маңыздылығын атап өткен жөн.

Оның түлектері халықаралық стандарттың қос дипломын — қазақстандық және шетелдік серіктес университеттен алуға мүмкіндік алады. Бірлескен білім беру бағдарламалары туристік бизнестің нақты қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді және «3 + 1» схемасы бойынша ең жақсы халықаралық тәжірибеге негізделген. Оқытушылар құрамына қазақстандық және шетелдік профессорлар пулы, туризм және сервис саласындағы жетекші компаниялардың топ-менеджерлері кіреді.

Атап айтқанда, университетте Халықтар достығы университетінің (Ресей), Жібек жолы университетінің (Өзбекстан), сондай-ақ Түркия, Грузия, Швейцария университеттерін профессорларын тарту туралы келісімшарттары бар. Мұның бәрі университет студенттеріне жоғары деңгейдегі теориялық білім алуға және оны шетелдік тәжірибеден өтуге, соның ішінде БҰҰ Дүниежүзілік Туризм Ұйымында (UNWTO) қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің баспасөз қызметі

САМЫЙ ПОПУЛЯРНЫЙ ПРОДУКТ

НАРЫНКОЛЬСКИЙ КАРТОФЕЛЬ, ИЗВЕСТНЫЙ НЕ ТОЛЬКО В РАЙЫМБЕКСКОМ РАЙОНЕ АЛМАТИНСКОЙ...

Выбор в пользу жизни 

ПРОБЛЕМА НАРКОМАНИИ, ЛУДОМАНИИ И ИНТЕРНЕТЗАВИСИМОСТИ СРЕДИ МОЛОДЕЖИ СТАНОВИТСЯ ВСЕ...

Туркестан: от дизайн-кода до Тайқазана

В СООТВЕТСТВИИ С ЗАКОНОМ РК «ОБ ОСОБОМ СТАТУСЕ ГОРОДА...

Солнечный лучик, что по краю полотна

ПРИЗНАЮСЬ, ДАВНО НЕ БЫЛ НА ВЫСТАВКЕ КАРТИН СОВРЕМЕННЫХ ХУДОЖНИКОВ....

ГАРАНТ СПРАВЕДЛИВОСТИ И СТАБИЛЬНОСТИ 

В Мангистауской области состоялась конференция под названием «Конституция –...