Шымкент қаласы және Түркістан облысына қарасты ҚАЖД бойынша Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығының орынбасары әділет майоры Нұрбол Мамырханов және қалалық прокуратурасының прокуроры Жаннұр Ахметбек, сондай-ақ, қала әкімдігінің жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің, жергілікті атқарушы органның жауапты мамандарының қатысуымен өзекті мәселелер көтерілді.Аталған шара Түркістан қалалық әкімдігінің ғимаратында өтті. Сонымен қатар, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру назардан тыс қалмады.
Күн тәртібінде пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мәселелері туралы қалалық пробация қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары Нұрбол Мамырханов баяндама жасады. Яғни қала көлемінде пробация есебінде қанша адам есепте тұр, олардың бүгінгі әлеуметтік, психологиялық жағдайы және оларға пробация тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы да сөз қозғалды.
- Есепте тұратын сотталған азаматтардың ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мұқтаж сотталған азаматтардың өтінішін арнайы мамандардың қатысуымен өтініштері қабалданып, оларға көмек көрсету іс-шараларын бастап кетті. Құрылған консультативтік-кеңесші органның негізігі мақсаты сотталған азаматтарға қажетті көмек көрсету балып табылады. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға өзге де көмектер көрсетілуде, — деді әділет майоры.
Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары кеңес отырысында басты назарға қойылды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Кеңес отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды. Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Кеңес отырысында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды.