Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 2 күн алдын түнгі уақытта 14 жасар қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.
Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалистік полиция инспекторы полиция лейтенанты Диас Абылайұлы Асқар жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды.
Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 14 жасар қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Яғни полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласындағы автобекетте жалғыз өзі жүрген жерінен табылды.

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қыз үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда 14 жасар қыз отбасымен қауышып, аман-есен үйіне жеткізілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлері барша ата-аналарға өтпелі кезеңде жүрген ұл-қызымен досы ретінде сөйлесіп, араласатын ортасын қадағалауды ескертеді. Сонымен қатар жақындарыңыз жоғалған сәтте өздеріңіз іздеп, уақыт жоғалтпай бірден 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Андрей Кукушкин: Алматы тау кластері экономикаға қызмет ететін кез келді

Танымал PR-шы, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы әрі...

Сила партнерства: как Гражданский Альянс Казахстана строит цифровую демократию

Гражданский альянс выступает главным мостом между государством и обществом....

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында қоғам қайраткері...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл...