Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жол жиегіне шығып кеткен көлігін шығарып, алғыс арқалады

Бүгін сағат 00:10 шамасында ауа-райы нашарлап, қалың қар жаууына байланысты, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 743 шықырымында «Ауди 100» маркалы автокөлігі жол жиегіне шығып кетеді. Көліктің қарға батып, жолдан шығып кеткенін патрульдеу бағыттары бойынша қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ППБ-ның қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Бақыт Оразбаев пен полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Сайымкулов байқап қалады. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, автокөлік иесіне көмектеседі. 
Осылайша тәртіп сақшылары автокөлікті жол ортасына сүйреп шығарып, жүргізушінің алғысын алды: «Қардың қалың түсуіне байланысты, жолдың шетіне шығып кеттім. Ал полиция қызметкерлері дереу қолғабыс етіп, көлігімді қауіпсіз жерге тартып шығарды. Алла разы болсын, еңбектеріңіз жана берсін!».    Қыс мезгілі келісімен, Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Облыста күн суытуы жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Осындай ауа райында азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы ПД-нің тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.                                         Осы тұста полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сондықтан аса қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...