Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша семинарға қатысты

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, облыс орталығының «Ән-күй» ғимаратында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кел талқыLike» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Әмірбеков, Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің, әлеуметтік даму бөлімінің өкілдері, нарколог-дәрігерлері мен психологиялық диспансердің психолог-мамандары қатысты. Сондай-ақ, 400-ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері, мұғалімдер, мектеп президенттері және облыстың 17 ауданының белсенді жастары қатысты. Семинар-тренинг барысында полиция полковнигі А.Әмірбеков қоғамда кең таралған «синтетикалық есірткілерді» сақтау, өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, заң бойынша толық түсіндіріп өтті. Ал нарколог пен психологтар есірткінің адам ағзасына зияны туралы дәрістер оқып, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар мектеп президенттері мен студент жастар іс-шараны ұйымдастырушыларға өдерінің тараптарынан есірткі қылмысы мен нашақорлық тақырыбында түрлі сұрақ қойып, мамандардан толық жауап алды. Сондай-ақ іс-шара кезінде қатысушыларға есірткіні қолданудың зияны туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...