Түркістан облысының полицейлері мұнай өнімдерін заңсыз сатудың 6 жайтын анықтады

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 24-26 қазан аралығында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы «Отын-Энергетика» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның негізгі мақсаты — отын-энергетика саласындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу.

Мәселен Түркістан облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері тексеріс ұйымдастырып, кенттердің бірінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады. Полицейлер сезікті әйелдің дүкен қоймасынан түрлі контейнерлерге құйылған шамамен 500 литр бензин мен резеңке шлангты айғақты зат ретінде тәркіледі.

Сондай-ақ жедел уәкілдер дәл осы күні Сарыағаш ауданында орналасқан қараусыз жанар-жағармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату дерегін анықтады. Аудан тұрғынынан тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны бар цистернаны тәркіледі. Ер адам одан әрі жауап алу үшін Сарыағаш АПБ-на жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұдан бөлек жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатудың жайттарын Созақ, Түлкібас және Келес аудандарында анықтады.
Полицейлер аталмыш «Отын-Энергетика» жедел-профилактикалық шарасы аясында ҚР ҚК-нің 197-бабы 1-бөлігі «Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу» бойынша 6 жайтты тіркеді. Заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанар-жағармай, оның ішінде дизель мен бензин алды.

Қазіргі уақытта барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер мұндай іс-шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...