Түркістан облысының полицейлері бірнеше тұрғынды алдаған жас қызды ұстады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Әйелдің айтуынша, ол жалған жарнамаға алданып қалған. Яғни жәбірленуші Ақсукент ауылындағы шипажайлардың біріне 10 күнге демалысқа шақырған хабарландыруға сеніп, 100 мың теңге аударған. Алайда, соңында алаяқтар алдағанын түсінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.                       
Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен сайрамдық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті іздестіру шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Содан жедел уәкілдер жасырынып жүрген күдіктіні Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстап, полицияға жеткізді. Ол Төлеби ауданының тұрғыны, бұрын алаяқтық дерегімен сотты болған жас қыз болып шықты.               
Белгілі болғандай, күдікті жалған жарнама арқылы 12 шымкенттік тұрғынды алдаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...