12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының полицейлері аурухана ғимаратынан ұялы телефон ұрлаған ер азаматты ұстады

Төлеби ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ер азамат арызданды. Онда ол ауруханаға екпе салдыруға келген кезінде белгісіз біреулер үстел үстінде тұрған «Самсунг А11» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңгеге жуық. Аталған дерек ҚК 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының атқарған жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, аз уақыт ішінде күдікті ер азамат ұсталды.

Белгілі болғандай күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде қолды болған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мемлекеттік тіл – сот жүйесіндегі әділет пен қолжетімділіктің кепілі

Тіл – елдің жаны, рухының айнасы. Тәуелсіз Қазақстан үшін...

«Добропорядочный гражданин» — профессиональный облик государственного служащего

Вопросы предупреждения коррупции и соблюдения Кодекса этики находятся под...

«Адал азамат» мемлекетік қызметшілердің кәсіби тұлғалық болмысы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Әдеп кодексін сақтау мәселелелрі...

Ата-ана құқықтарын шектеу жайлы біле жүріңіз

Әрбір бала өз ата-анасының жанында, отбасында, бақытты өмір сүруге,...

Электрондық сот жүйесі

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы қоғамның барлық саласына,...