12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

Түркістан облысы бас санитарының шешімімен 18 мамырдан бастап аймақтағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жалғастыра бастады.

Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және оларды ұсыну форматын да қамтиды.

Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет.

Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.

Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.

Айта кетейік, айтылған жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты екенін айтты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдер қалаға қарағанда келушілер санының айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз, бұрынғы режимже жұмыс істейтін болады.

«Мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты азаматтар 1414 нөміріне хабарласып ала алады, онда оларға ХҚО операторы кеңес береді. Бүгінде байланыс орталығының жұмысына мемлекеттік корпорацияның 2000 — нан астам тәжірибелі қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар, қызмет алушылар электронды қызметтерді egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері чат-боттар арқылы ала алады. Өңір тұрғындарына ыңғайлы болу үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының санын көбейтеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбеков.

Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары келесі мекенжайларда орналасқан:

· Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығы, О.Мұсабеков көшесі №2;

· Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ бас ғимараты, Б.Саттарханов даңғылы 1-ші қабат;

· Қуаныш сауда орталығы, Әмір сауда үйі, базар әкімшілігі Тауке хан көшесі №188;

· Түркістан қаласының әкімшілігі – Ғ.Мусрепов №17;

· Түркістан индустриалдық колледжі, Қызылорда тас жолы №14Б;

· Атамекен кәсіпкерлік мектебі, Қожанов көшесі №42

· Жастар орталығы, Б.Саттарханов №122

· Түркістан жоғары көпсалалы колледжі, 1 Мөлтек ауданы №24В

· Мега сауда үйі , Қызылорда тас жолы

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

Түркістан облысы филиалының

баспасөз қызметі 

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...