Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізген сұхбат өткізілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында брифинг өткізілуде. Онда ПД-нің әрбір салалық құрылым басшылары тікелей эфирге шығып, өздерінің басқарма, бөлім қызметкерлерімен атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын ашық, әрі нақты айтып өтуде.

Мәселен, күні кеше «Жол қауіпсіздігі – басты орында» тақырыбында сұхбат өрбіп, спикер ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков қатысты. Іс-шара кезінде облыс тұрғындарына жол қозғалысы ережесін сақтау басты талапттардың бірі екендігі түсіндірілді. Өйткені жыл сайын еліміздің қаншама тұрғындары жолдарда жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы салдарынан қаза табуда.
Полиция полковнигі А. Тастанбеков өз сөзінде: «Ағымдағы жылдың шілде айының 19-ы мен тамыз айының 18-і аралығында 1 айға жоспарланған республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл автоапаттылықтың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді одан ары жандандыру мақсатында өткізілуде. Тәртіп сақшыларымен ескерту де берілуде, қажет болса заңға сәйкес айыппұл да салынуда. Осы сәтті пайдалана отырып, жол қозғалысы ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, жол ережесін бұзбауды ескертемін!»,-деп атап өтті. Тікелей эфир барысында желі қолданушыларынан жолға қатысты көптеген сұрақтар келіп, полиция тарапынан нақты жауап берілді. Мәлімет ретінде айтар болсақ, аталған «Қауіпсіз жол» іс-шарасының 24 тәулігінде облыс бойынша 29 000-ға тарта әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мас халде көлік басқарған 121 жүргізуші, қозғалыстың қарсы бағытына шыққан 69 жүргізуші жауапқа тартылды. Авариялық жағдай туғызған 157 жайт белгілі болып, әкімшілік шарасы көрілді. Жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік құралын басқарған 19 жүргізуші анықталды. Ал заңсыз жолаушы тасымалдаған 31 көлік тізгіндеуші анықталып,хаттама толтырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...