12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында жылдамдықты асырып жол ережесін бұзған «Нексия» маркалы автокөлігін тоқтатты. Полицейлер тексеру кезінде, жүргізушінің мас халде көлік жүргізгеніне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысы жүргізушінің мас екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді.

Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдады. Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп таныды. Көлік иесі 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, жол ережесін сақтап, тәртіпке бағынуды қатаң ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

От трудностей в борьбе с ВИЧ-инфекций – к эффективным изменениям

1 декабря 2025 года в учреждений №79 Департамента УИС...

АИТВ қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге

2025 жылдың 1 желтоқсаны Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

Күш пен төзімділік сыналған сәт: Абай облысының әйелдер колониясында гір көтеруден турнир өтті

Абай облысының әйелдер колониясында Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында...