Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер адам анықталды

Қазығұрт АПБ-ның патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, «Қауіпсіз жол» рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер түнгі уақытта аудан көшелерінің бірінен күдік тудырған «Ваз 2121» Нива маркалы автокөлігін байқады. Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылар жүргізушінің мас халде болғанын анықтады. Сонымен қатар оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес ер адам көлікті мас халде басқарғаны белгілі болды.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...