Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды

Түркістан облысында есірткі заттарын сақтауға қатысы бар қарт зейнеткерге қатысты үкім шықты. Ер адам ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстаған болатын. Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру шаралары барысында Келес ауданы ауылдарының бірінде «Приора»автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған пакетті тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 1 келіден асатын «көкнәр» болып шықты. Күдікті Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Егде жастағы ер адам бұл әрекетін мойындап, есірткіні өзі тұтынуы үшін сақтағанын жеткізді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жинақталған іс құжаттары айыптау актісімен заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Нәтижесінде сот үкімімен сотталушыға 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қаралғанын еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...

Алматыда «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Басқосуда сала ғалымдары жобаның артықшылықтарын ғылыми түрде зерделегендерін алға...

Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу сапасы

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және құқықтық...