12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында есірткі егіп, оны сақтаған 44 жастағы тұрғын сотты болды.

Арыс  аудандық ПБ-нің «102» нөміріне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы хабар келіп түскен. Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша  тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағыт алды. 
Арыстық тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша, күдіктінің үйін тінту барысында, ауласында 146 түп есірткіге ұқсас  өсімдікті  еккенін анықтады. 
Полицейлер үйден  алынған есірткіге ұқсас өсімдік заттарына сараптама тағайындады. Оның қорытындысына сәйкес, ұсынылған заттың салмағы 20 келіден астам болатын «сора» екені белгілі болды.  
Істің ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдер жинақталып, қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Нәтижесінде соттың үкімімен 44 жастағы арыстық тұрғын ҚК-нің 300-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалды. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін көлемі 50 млрд теңге болатын жеңілдетілген несие берілмек

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал...

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСКЕ 173 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАНДА 4 ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ҚР Үкіметі мемлекеттерін қолдану фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін...

Парламент-Курултай, Халық кеңесі и вице-президент — важное из выступления К.Токаева на Национальном курултае

На заседании Национального курултая Глава государства Касым-Жомарт Токаев озвучил...

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды

Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Конституциялық реформа жөніндегі...